(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІ...
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 425 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 425 бұйрығымен Бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа