(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАТЕНТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІККЕ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУГЕ ЖӘНЕ СЫ...
Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығы
(2020.04.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.05. № 152 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.05. № 152 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.05. № 152 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 3-3/997 бұйрығымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа