(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САРАПТАМА ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІМДІ ҚАРАУ ҚАҒИДАЛ...
Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 3-3/997 бұйрығымен
бекітілген
Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа