Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СКРИНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚС...

Скрининг ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ босанғанға дейінгі диагностиканы және балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын алдын алуды жетілдіру, Қазақстан Республикасында балалардың сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған скрининг ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш.Нұрғазиев) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша):

1) осы бұйрыққа сәйкес скрининг ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК-на жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге генетикалық скрининг жүргізу туралы ақпаратты ұсынсын.

5. «Қазақстан Республикасында медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2008 жылғы 7 наурыздағы № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 тіркелген, 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 62 (288) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку