(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2009.26.08 № 861 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы
(2015.18.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелері бекітілсін.
2. «Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 363 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы тамыздың 26-сы.
№ 861
ҚР Президентiнiң 2013.30.05. № 575 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2013.07.10. № 663 Жарлығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда; ҚР Президентінің 2014.25.04. № 811 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 958 Жарлығымен (бұр.ред.қара) қағида өзгертілді; ҚР Президентiнiң 2015.18.05. № 22 Жарлығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеудің осы қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;
Редакция документа
Демо – версия документа