«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 22 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
Қаулы етемін:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 33, 496-құжат; № 60, 819-құжат; 2014 ж., № 30, 255-құжат; № 71, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы мамырдың 18-і.
№ 22
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2015 жылғы 18 мамырдағы
№ 22 Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығымен бекiтiлген
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеудің осы қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа