(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕТТЕЛІП КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУДЫҢ ҮЛГІЛІК ...
Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы
(2024.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.18.10. № 92 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.30.06. № 128 бұйрығымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.04.11. № 99 бұйрығымен (2024 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
Редакция документа
Демо – версия документа