Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 99 бұйрығы

 «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 99 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

«21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Суды арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Өнім берушінің электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифке сәйкес есептік айдың әрбір онкүндігі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қызметтердің мөлшерлес бөлінген айлық шарттық көлемінен 100% төлеу арқылы онкүндік негізде жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку