(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ...
Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығы
(2021.25.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.25.05. № 234 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.25.05. № 234 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3) Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5343 тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы № 170 (1570) «Заң газетінде» жарияланған);
2) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 528 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 «Заң газетінде» жарияланған).
Редакция документа
Демо – версия документа