(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУДІҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫ...
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3) Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5343 тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы № 170 (1570) «Заң газетінде» жарияланған);
2) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 528 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 «Заң газетінде» жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б.Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Сарыбеков |
Редакция документа
Демо – версия документа