«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 340 Қаулысы (күші жойылды)
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 340 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган тиісті жылдың жиырмасыншы желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.»;
көрсетілген қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 мамырдағы
№ 340 қаулысына
қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығын беру қағидаларына
қосымша
Нысан
Документ утратил силу
Демо – версия документа