Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысы (2023.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысы

(2023.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2022.02.03. № 105 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;

2) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

ҚР Үкіметінің 2017.13.07. № 427 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2017.13.07. № 427 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 597 қаулысымен

бекітілген

 

 

 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру
қағидалары

 

ҚР Үкіметінің 2022.02.03. № 105 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.

2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.

3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции