(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКРОТТЫҢ МҮЛКІН САТУ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОНД...
Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы
(2022.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2022.11.01. № 22 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д. Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 178 бұйрығымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа