Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 22 бұйрығы

 «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 22 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

««Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

««электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Банкроттың мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен банкроттың мүлкін сату жоспарына (бұдан әрі – Сату жоспары) сәйкес электрондық аукционды өткізу арқылы жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку