«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 895 бұйрығы (күші жойылды)
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 895 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11368 болып тіркелді, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттіктіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа