«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығы (2024.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығы
(2024.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
Аты-жөні
«КЕЛІСІЛДІ»
Демо – версия документа