(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 12.02.04 Ж. № 170 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 12 ақпандағы № 170 қаулысы
(2008.12.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2015 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2004 жылғы 12 ақпандағы
№ 170 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне
енгізiлетiн өзгерістер
1. «Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 387-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесi осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына:
Редакция документа
Демо – версия документа