(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 12.02.04 Ж. № 170 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 12 ақпандағы № 170 қаулысы
(2006.14.08. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 12 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2004 жылғы 12 ақпандағы
№ 170 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне
енгізiлетiн өзгерістер
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 387-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесi осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа