(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017–2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 Қаулысын қараңыз
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 9 543 305 694 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 4 787 775 502 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 102 758 432 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 1 398 507 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 651 373 253 мың теңге;
2) шығындар - 10 740 128 973 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 191 542 795 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 273 866 697 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 82 323 902 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 159 496 347 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 162 396 347 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 900 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - — 1 547 862 421 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 3,1 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 547 862 421 мың теңге.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 37 950 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 612 870 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2017 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа