(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017–2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2017 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 Қаулысын қараңыз
1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 7 896 666 810 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 4 221 075 201 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 113 719 851 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 3 439 793 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 558 431 965 мың теңге;
2) шығындар - 8 208 313 622 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 182 302 917 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 265 919 713 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 83 616 796 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 84 132 714 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 87 032 714 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 900 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -578 082 443 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,2 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 578 082 443 мың теңге.
2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 41 400 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 472 520 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2017 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерi 236 808 019 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Атырау облысынан - 93 073 240 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 28 977 170 мың теңге;
Редакция документа
Демо – версия документа