(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҚАҒ...
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10970 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);
2) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 251 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15276 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа