«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 5 мамырдағы № 251 бұйрығы (күші жойылды)
«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 5 мамырдағы № 251 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен күші жойылды
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 62-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10970 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының, ұйымдарының, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылардың өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орындаушы - санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар;»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа