«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығы (2023.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығы
(2023.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.13.01. № 24 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 31 қаңтарға бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2018.29.06. № 638 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2021.31.03. № 284 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық тексерулер жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебі туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
Демо – версия документа