(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 09.08.96 Ж. № 987 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 9 тамыздағы № 987 қаулысы
(2006.15.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысының 54-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң
1996 жылғы 9 тамыздағы
№ 987 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер
1. ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1139 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 21.03.97 ж. № 382 қаулысымен алып тасталды
4. «Көшiп келу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 15 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген Босқындармен жұмыс туралы уақытша ереженiң 5-тармағының үшiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 48, 715-құжат) «ең төменгi айлықтың» деген сөздер «есептiк көрсеткiшiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. ҚР Үкіметінің 2005.04.03 № 205 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа