(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 09.08.96 Ж. № 987 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер
енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 ж. 9 тамыздағы N 987 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.11.96 ж. N 1405; 21.03.97 ж. N 382; 26.08.98 ж. N 803;
04.09.98 ж. N 840; 17.05.00 ж. N 738; 22.09.00 ж. N 1428; 19.03.02 ж. N
331; 16.07.02 ж. N 789;10.02.04 ж. N 157 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакция
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысының 54-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 9 тамыздағы
N 987 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер
1. "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 889 қаулысымен бекiтiлген Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбiнің мәтiнiндегi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 605-құжат) "ең аз еңбекақысының" деген сөздер "есептiк көрсеткiшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Демо – версия документа