«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Осы Жарлыққа түсіндірмесін қараңыз
Қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысында:
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адыммен қозғалыс жасау минутына 95-105 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 60-70 см.»;
33-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын анағұрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және табанды нық басу керек.
Демо – версия документа