Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет Жарғысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен Бекітілген) (2023.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2016.02.02. № 187 Жарлығымен ішкі қызмет жарғысы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 364 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ
(2023.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге, азаматтарға, олар әскери даярлықтан өту кезеңінде, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет өткереді.
Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді немесе әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт бойынша ерікті түрде әскери қызметке кіреді.
Демо – версия документа