(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 Қаулысы
(2022.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 27-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасында:
5.8-кіші бөлімнің бесінші және оныншы абзацтарында «веб-сайты», «веб-сайт» деген сөздер «интернет-ресурсы», «интернет-ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2014.08.07. № 777 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1090 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25,257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың ережесінде:
50-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «веб-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2011.25.08. № 964 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа