«Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысы (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысы
(2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 964 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын нормативтік құқықтық актілерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа