(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысы
(2017.05.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.29.12. № 1391 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын;
ҚР Үкіметінің 2014.29.12. № 1391 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1359 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестердің
тізбесі
Ұлттық ғылыми кеңестер ғылымның мынадай бағыттары бойынша құрылады:
1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;
2) энергетика және машина жасау;
3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
4) өмір туралы ғылым;
5) елдің зияткерлік әлеуеті.
ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 619 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.05.04. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа