Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.16.05 № 519 ҚАУЛЫСЫ

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысы

(2013.20.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын.

2. Ғылым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1359 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ұлттық ғылыми кеңестердің

тізбесі

 

Ұлттық ғылыми кеңестер ғылымның мынадай бағыттары бойынша құрылады:

1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

2) энергетика және машина жасау;

3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

4) өмір туралы ғылым;

5) елдің зияткерлік әлеуеті.

 

ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 619 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку