(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК КОМИТЕ...
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығы
(2022.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2013.13.08. № 613 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы № 1042 қаулысы;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы № 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi № 1653 қаулысы;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы № 1042 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi № 2183 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ҚР Президентінің 1997.07.15. № 3600 Жарлығымен; 2000.30.11. № 492 Жарлығымен ереже өзгертілді; ҚР Президентінің 2012.13.03. № 282 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2022.17.05. № 893 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 1 сәуiрдегi
№ 2922 Жарлығымен
бекiтiлген
Редакция документа
Демо – версия документа