«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 тамыздағы № 613 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. (құпия).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы тамыздың 13-і.
№ 613
Президентінің
2013 жылғы 13 тамыздағы
№ 613 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
кіріспе алып тасталсын;
1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомостволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары, сондай-ақ мынадай: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (құпия), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпарат қызметі (құпия) ведомстволары бар.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
Демо – версия документа