«Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 136-НҚ бұйрығы
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 136-НҚ бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12642 болып тіркелген);
2) «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31169 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Демо – версия документа