«Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 367 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 367 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 136-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер қолданылады:
1) аудиовизуалды материал - техникалық және электрондық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық және мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;
2) баспа өнімі - мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
3) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры (бұдан әрі - кітапхана қоры) сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы;
4) мерзімді баспа басылымы - газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, үш айда бір реттен кем емес шығарылатын қосымшалар.
3. Кітапхана қорын есепке алуға және есептен шығаруға баспа өнімдері, мерзімді баспа басылымдары, сондай-ақ аудиовизуалды материалдар жатады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа