(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРДІҢ (МЕРЗІМДІ ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘСКЕРИ Қ...
Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 472 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 974 қаулысы;
Редакция документа
Демо – версия документа