Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТУРАЛЫ» № 4 ЕСЕ...

 «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығы

(2023.08.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Бас Прокурорының 2023.05.12. № 216 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 39) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есеп нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19882 болып тіркелген);

2) «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 143 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21672 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку