(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТУРАЛЫ» № 4 ЕСЕ...
«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабы 22) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есеп нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19882 болып тіркелген);
2) «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 143 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21672 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа