(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФИЛЬМГЕ ПРОКАТТАУ КУӘЛІГІН БЕРУ ҚАҒИДАСЫН БЕКІТУ ТУ...
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығы
(2016.29.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) жарияланды);
2) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 8845 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2013 жылғы 6 қарашадағы № 247 (28186) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Редакция документа
Демо – версия документа