«Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығы (күші жойылды)
«Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6876 болып тiркелген, 2011 жылғы № 16 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
осы бұйрықпен бекітілген фильмге прокаттау куәлігін беру нысаны осы бұйрыққа косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркеуiн;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Құл-Мұхаммед |
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 226 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
Документ утратил силу
Демо – версия документа