Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығы (2017.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығы

(2017.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Мыналардың:

1) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) жарияланды);

2) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 8845 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2013 жылғы 6 қарашадағы № 247 (28186) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

 

А. Мұхамедиұлы

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции