«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 140 бұйрығы (2018.04.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 140 бұйрығы
(2018.04.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 29 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есеп;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық.
2. «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 111 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9855 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа