Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ» № 1-...

«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 140 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы есептің толықтығы мен дұрыстығы мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есеп;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық.

2. «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 111 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9855 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку