(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗАҢ...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 377 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) осы Yлгі ережеге сәйкес тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережелеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
2) өзінің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерін нығайтуды қамтамасыз етсін, заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру әрі республикалық және өңірлік деңгейде заңдылық режимін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін;
3) қабылданатын актілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін;
2) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа