(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.09.11. № 1072 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері
туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 Қаулысы
(2008.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 04 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) осы Yлгі ережеге сәйкес тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережелеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
2) өзінің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерін нығайтуды қамтамасыз етсін, заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру әрі республикалық және өңірлік деңгейде заңдылық режимін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін;
3) қабылданатын кесімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманың нормаларын білуіне тестілеуді үнемі жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 17, 187-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа