«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу мен конкурс кезеңдерін айқындау және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 141 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу мен конкурс кезеңдерін айқындау және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу кезеңдері;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс кезеңдері айқындалсын.
2. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей өткізіледі.
Мемлекеттік органдар «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей (10 желтоқсаннан кешіктірілмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) өткізе алады.
Егер «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан аз болса, оны бағалау өткізілмейді.
6. Әлеуметтік демалыстағы «А» корпусының қызметшілері уәкілетті орган бекіткен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа