(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІ...
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы
(2014.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 Қаулысын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.27.01. № 29 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
тізбесі
1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:
Редакция документа
Демо – версия документа