«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 Қаулысы (күші жойылды)
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 420 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - азаматтар) бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа