(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссияcы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 397 Қаулысы
(2022.09.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2022.09.03. № 114 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастика комиссиясы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы ереже бекітілсін.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа