(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссияcы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 397 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.»;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.»;
Редакция документа
Демо – версия документа